QazaqGaz Aimaq компаниясында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерінің қатысуымен қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу, қаржы пирамидаларының белгілері, жалған инвестициялық жобалардың қауіптері және дропперлік қызметке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында қатысушыларға алаяқтық схемалардың кең таралған түрлері, күмәнді ұсыныстарды анықтау жолдары, жеке қаржылық деректерді қорғау және заңсыз әрекеттерге тартылмау бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, мамандар азаматтарды жоғары табыс уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеуге, қаржылық операциялар кезінде мұқият болуға және заң талаптарын сақтауға шақырды.
Іс-шараға компания қызметкерлері Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысып, жалпы 600-ге жуық адам қамтылды. Кездесу нәтижесінде қызметкерлер қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған пайдалы ақпарат алып, алаяқтық әрекеттерден сақтану бойынша қажетті түсіндірмелер алды.
