Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қазыбек би, Лихачев, Байзақұлы, Жандосов, Верещагин, Шолохов және Уәлиханов көшелеріндегі нысандарды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мақсатында тиісті жұмыс жобасы әзірленуде.
Жобаның негізгі мақсаты – осы көшелердегі үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіп, аумақтың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту.
Жоба аясында 395 үйді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу көзделіп отыр. Нәтижесінде 1 305 тұрғын сапалы инженерлік-коммуналдық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Жобаны іске асыру арқылы:
• үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу қамтамасыз етіледі;
• кәріз жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуіне жағдай жасалады;
• аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жақсарады;
• қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктеме төмендейді;
• тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсарады;
• Тұран ауданының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы одан әрі дамиды.
Аталған жоба Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңарту және дамыту, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстың бірі болып табылады.
