Чт. Ноя 21st, 2024

Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Сауран ауданы, Жүйнек ауылының тұрғындарымен жүздесті. • Бақытжан Жармаханұлы Республикалық референдумда қаралатын мәселе — Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы атап өтті. • Спикер «А.Югнаки» атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен де кездесу өткізіп, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірді. • Жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды. • Тұрғындар мен мектеп ұжымы өз тараптарынан еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді. #JanaQazaqstan #Referendum

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *