Вт. Дек 3rd, 2024

Кентау қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында референдум бойынша «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы семинар өткізді. • Семинарға кенді шаһардағы 34 референдум комиссиясының төрағалары мен хатшылары, аталмыш қоғамдық ұйымнан байқаушы ретінде ұсынылатын азаматтар қатысты. • Филиал төрағасы Бақытжан Әшірбаев референдум комиссиясы төрағаларының жұмысы, жалпы референдумды заң аясында өткізу мәселесіне терең тоқталды. • Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Бақытжан Шәкірұлы заңға сәйкес жан-жақты жауап берді. #JanaQazaqstan #Referendum

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *