Пт. Мар 29th, 2024

Егер сіз  екі-үш, одан да көп баласы бар  бақытты ата-ана  болсаңыз,  онда  сізге  балалар арасындағы ұрыс пен түсініспеушіліктер таныс болар.  Балалар тартысы кезінде ата-ана  өзін қалай ұстау керек?  Қай  жақты қабылдау керек? Мүмкін, туындаған қиындықтың шешімін табу үшін балалардың өздеріне қалдырған дұрыс шығар.

Егер келіспеушіліктер жиі болса ше, онда бұл шын мәнінде-ақ қатерлі белгі екен. Тәрбие процесінің дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанын мұндайда дөп басып айта алмайсың.

Онда бұл кезде араласуға тура келеді және ең негізгі ережелерді енгізу қажет, бұл тартысты түзеуге көмектеспесе де,  бірақ  балалардың өздері шешіп үйренуіне  бағыт береді.

Бірінші кезең. Сөзді бірінші балаға береміз.

Жағымсыз сезімдермен жағдай ушығып тұр. Сол себептен іштегі күйзелісті шығарту керек. Бұл жерде ең маңыздысы,  біріншіден, балаларды тыңдап алу керек, әр қайсысына өз сезімдерін сөзбен  жеткізуге  мүмкіндік беру керек. Қазір біріншісі, содан екіншісі айтады деп ескерту қажет. Сөзді бөлуге тиым салынатынын, келіспесе де сөзді аяғына дейін тыңдап алу қажеттігін түсіндіру міндетті. Себебі «біздің жанұямызда бір-бірін сыйлау мәдениеттілігі сақталады» (осы арқылы  сіз отбасыңызда негізгі ережелерді енгізіп аласыз).  Бұл жерде маңыздысы баланың сөзі тыңдалуы, осы арқылы ол жүрегіндегі сөздерін тыңдайтын жақындары бар екенін  сезініп түсіне  алу  қажет. Оған да маңыздысы, оны түсіну. Әр бала өзінше дұрыс, бұл жерде ешқайсысының жағына шығып кетпеу керек.

Егер біз әркез бір жақты қолдап, сол бір баланың әрдайым сөзін сөйлесек, онда ол сіздің ықыласыңызға ие болу үшін күшін салып,  шағыстыру мен  жамандауға үйренеді.

«Жәбірленуші»  жақтан,  демек, жылаған балаңыздан бастаңыз. Әңгімесінде баға беру мен қорлау, кемсіту болмауына аса мән беріп, сөзін бақылап отырыңыз: Ол өз жағынан, өзі туралы айтсын, ал сіз оның сөздерін тыңдап, басыңызды изеп, оның өкпе-ренішіне шынында-ақ жаныңыз ашып отырғаныңызды білдіріп, мақұлдап отырыңыз.

Мәселен былай:

-Мен машинаны бір минутқа алайын деп едім, ал ол сынып қалды, ол болса төбелес бастап кетті…

— Айбол, сен қынжылып тұрсың ба? Машинаны алғаныңда ол сынып қалды, ал сен ренжідің. Арман сені ұрып жіберді, ал саған ауыр тиді.

-Ия….

-Түсінікті, енді Арманды тыңдайық мейлі ме….

 

Екінші кезең. Екінші балаға  сөз береміз.

Тура біріншідегідей ол өзіне қатысты әңгімені айтып, сіз оны мақұлдап, «тыңдап» тұрасыз.

Мысалы:

-Олай болған жоқ, ондай емес, ол өтірікші!(Сөзді бөлеміз: «Тоқта. Тек не болғанын айт».) Мен оған «бер» дедім, ал ол алды да кемемнің діңгегін сындыра  салды!

-Сен қатты ренжідің бе…

-Мен оны қазір ұрамын! (сөзді бөлесіз: «Тоқта. Тек болған жәйтті ғана айт».) Бұл менің ғана сүйікті кемем. (Айқайлайды.) Мен оны бір айдан бері жабыстырып, жамап жүрдім!

-Бұл саған соншалықты маңызды зат болғаны ма? Оны сонша уақыттан бері желіммен /клей/  жабыстырып жүрсең. Сен әлі жынданып тұрсың ба, тіпті  қатты ашуланып тұрсың ба?…

-Сенің   қазір төбелесіп, оны  ұрғың келіп тұр ма, қалай?Бірақ сен білесің бе, біз ол арқылы істі шеше алмаймыз….

-(ауыр күрсініс.) Шынында-ақ  көмектеспейді ме…(іштегі қатты от- шоқтар шықты.)

Егер біз біреуінің сөзін жақтасақ, екіншісінің жағымсыз тәртіп пен ашу-ызаға бой алдыртып, баланы тұйықтандырып, жаман әдеттерге үйретіп алуымыз мүмкін. Бізге жетпеуі мүмкін, екінші бала іштей тұйықталады немесе өзін ұмытылған, ұнамсыз, елеусіз, лайықсыз адам ретінде  сезінеді. Ал егер өзіңді осындай  оңбаған, жаман адам деп сезінсең,  әрине, өзіңді жақсы ұстай білмейсің.

 

Үшінші кезең. Ортақ шешімді  іздейміз.

Енді күшті эмоционалды сезімдер басылғаннан кейін /күйзеліс/, бізге енді шешімдер қабылдау мен  оны табу жолдарына  кірісуіміз қажет. Дегенмен іздестіргенде шешім ортақ болу керек.

Соңғы өзекті сөйлем: «Енді  не істейміз? Қалай жасағанымыз дұрыс?»

Біз үлкендер, әрдайым мұндай келеңсіз жәйттерде өзіміз шешім қабылдаймыз, балалардың өз беттерінше, дербес шешім қабылдап үйренулеріне мүмкіндік бермейміз.

Сонымен  ұсыныс жиыны мен талқылау басталды.

Мысал.

-Енді не істейміз? Жағдайды қалай туралаймыз? Бұл кезде мынандай келесі нұсқалар пайда болады:  1)Барлығымыз кеменің діңгегін  бірге жөндеуге немесе жабыстыруға тырысып көрейік; 2) Әкемізден көмек сұрайық;  3) Жаңасын барып сатып алайық; 4) Кемені басқа материалдан жасап шығарайық.

Алайда №3  ұсынысқа анасы келісе алмады. Өйткені дәл қазір  жаңа ойыншық сатып алуға қаражат жоқ. №1 ұсынысқа қатысушылардың шамасы жоқ, оны жөндеп, құрастыру үшін ойлану қажет; №4 шешімде  кемені  басқадан құрастырамыз дегенде, сатып алу ұсынысы шықты, сондықтан мұны да жасау артығырақ. Соңында №2 шешім қабылданды. Себебі, жұмыс көп ойлануды қажет етеді,  әрі іс те  әкенің  көмегінсіз бітпейтін болып тұр. Ал бұл жерде әкенің келісімі қажет болды. Олар оны  күтуді шешті, бірақ талқылау әлі жүріп жатыр. Дегенмен, бұл жерде ананың «рұқсатсыз біреудің затын алуға болмайды» деген сөзімен барлығы да келісіп, оны жақсы қабылдады.

Төртінші кезең. Бақылау жасауды келісіп алайық

Ережелер іске асу үшін-оны орындау қажет. Ата-ана сіз, біріншіден осы ережелерді сақтауыңыз қажет. Сізге қарап отырып, сосын балаларыңыз да үйренеді. Ережелерді құрметтеу арқылы ол өзін  және басқаларға деген  құрметті көрсете алады. Ал, ережелердің орындалуына бақылау жүргізу барлық отбасы мүшелерінің тарапынан қадағаланады. Ережелер орындалуымен мықталып, бекітіледі.

 

Т.Н. Щербакова, психолог

 

 

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *