Пн. Апр 29th, 2024

Қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға жататын субъектілер тізбесі туралы Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне 25.12.2017 жылғы №121-VI Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 93-ші баппен, салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату енгізілгенін хабарлайды. Аталған баптың 2-ші тармағы 2-ші тармақшасына сәйкес, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеу есебінде тұрған, қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға жататын субъектілердің 01.03.2023 жылға түзілген алғашқы тізбесі Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің http://shymkent.kgd.gov.kz сайтында жарияланған. Кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың, қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттарымен қоса берілген өтініштері (наразылықтары) ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады: Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Шымкент қаласы, Театр көшесі, № 33; Байланыс нөмірі: 56-12-16

АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША  МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *