«Білім керуені» – Қазақстандағы STEAM білім беруді дамытуға,
мұғалімдер қауымдастығына қолдау көрсетуге, білім беру саласындағы
сарапшылар қауымдастығы, мүдделі тараптар, бизнес, өнеркәсіп және
азаматтық қоғам арасында тұрақты байланыс орнатуға арналған қор. Оған
білім игерілген интеллектуалдық-адамгершілік құндылықтар негізінде
кейінгі өмірінде өзін жеке тұлға ретінде жүзеге асыруға қабілетті өскелең
ұрпақ, мектеп бітіруші, ұлттық дәстүр рухында тәрбиеленген бәсекеге
қабілетті жастар қатыса алады.
Біз Қазақстанда STEAM білім беруді (Ғылым, Технология, Инжиниринг,
Өнер, Математика) дамытамыз, мұғалімдер мен студенттерді заманауи
техникаларға, білім мен дағдыларға үйретеміз. Біз тренингтер, курстар,
семинарлар мен лекциялар өткіземіз.
Гранттық бағдарламалар:
• Өңірлерді дамыту бойынша STEM бейне курсын әзірлеуге арналған
грант,
• Облыстық грант 8-11 сынып оқушыларына «Оқыту негіздері және
зерттеу әдістері» тақырыбы бойынша курс өткізуге,
• Мұғалімдерге STEAM Lab курсын құруға арналған грант,
• Биоәртүрлілік бойынша гранттар бағдарламасы.
Бастапқыда бұл әдіс STEM деп аталды және 2000 жылдары АҚШ-та
елдегі техникалық мамандардың галактикасын өсіру мақсатында ойлап
табылды. Кейіннен ол STEAM-ге (өнер қосылды) түрленіп, бүкіл әлемге
таралып, жаһандық білім беру үрдісіне айналды. Айтпақшы, АҚШ-тың
еңбек статистикасы бюросының болжамы бойынша, алдағы он жылда
STEM мамандарына деген қажеттілік басқа мамандықтардан 76%-ға асып
түседі.
«Білім керуені» Chevron компаниясымен серіктесе отырып, «Жана талап»
бағдарламасын жасады. Бұл классикалық әдіспен сабақ беруге
дағдыланған, бірақ заманауи жұмыс құралдарын меңгергісі келетін пән
мұғалімдеріне арналған сертификатталған STEAM курсы. Курсқа физика,
химия, биология, математика, география, информатика және
робототехника пәндерінің мұғалімдері қатыса алады. Оның үстіне
Қазақстанның ауыл мектептері мен облыстарындағы мұғалімдерге
басымдық берілген.
Алима Бакытбек