Пт. Дек 6th, 2024

 

Білім сапасын арттыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда.
— PISA Халықаралық зерттеу апробациясы – 6 мектеп енді.
— Жазғы мектепке 75% оқушы қамтылды.
— Апта сайын әдістемелік сағаттар ұйымдастырылды.
— «Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы іске асырылды
— Әдістемелік орталықтан «Білім сапасына эксперттік шолу» бөлімі ашылды.
Қосымша біліммен қамту
Бүгінгі таңда қалада 11 қосымша білім беру ұйымдары, 17 аула клубтары (5-і ағымдағы оқу жылы ашылған) және мектепішілік түрлі үйірмелер жұмыс жасауда.
Онда қаладағы оқушылардың 73,8% (181 253 оқушы) қамтылған.
Жыл соңына дейін жан басына қаржыландыру жүйесін мәдениет (1 000 бала), спорт (4 096 бала), білім (3 000 бала) басқармалары арқылы жүзеге асырып, көрсеткішті 80% жеткізу жоспарлануда.
Инклюзивті білім беру
Бүгінгі таңда қаладағы инклюзивті білім беру бағытында жұмыс жасайтын жалпы мекемелер саны – 26 (5 ПМПК, 5 КППК, 5 арнайы мектеп-интернат, 1 оңалту орталығы, 5 мектепке дейінгі білім беру мекемелері (арнайы балабақшалар), 3 КПИ (инклюзияны қолдау кабинеті), 1 аутизм орталығы, 1 ресурстық орталық. Одан бөлек (3 арнайы сынып, 80 жалпы білім беретін мектептер).
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде 100% пандустар орналыстырылып, ішкі есіктер мен әжетханалар бейімдеуден толығымен өткізілген.
Ағымдағы оқу жылы Инклюзивті білім беретін 300 педагог арнайы курстан өтті.
Білім беру басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтан «Инклюзивті білім беру» бөлімі ашылды.
Сондай-ақ, психологиялық бұзылыстары бар балаларға арналған «Сайрам» көмекші мектеп-интернаты ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп-интернат-колледжі болып өз жұмысын атқаруда.
Одан бөлек, ағымдағы оқу жылы 7 логопед кабинеттері ашылды.
Көру қабілеті бұзылғандар үшін «Брайл» және зерде бұзылыстары бар балалар үшін «САТР» баспасынан оқулықтар алынып, оқулық қоры толықты.
Инфрақұрылымды дамыту және материалдық-техникалық базаны ныңайту.
Қалада сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 144 525 орынға арналған 101 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның 58-і мемлекет, 4-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, 39-ы жеке инвесторлар есебінен.
Биылғы жылы 11 064 орынға арналған 24 мектеп пайдалануға берілді.
Нәтижесінде, жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.
Одан бөлек, 1 мектепке, 2 балабақшаға және 1 колледжге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1 мектептің жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған мекемелердің жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қараша айында жоспарланған.
Сонымен қатар, 28 мектептің ауласына спорт алаңдары орнатылды.
Ағымдағы жылы мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет, 178 интерактивті тақта (50-физика, 95-химия, 82-биология, 13-STEM, 23-робототехника кабинеттерін) орнату жоспарланған. Нәтижесінде, мектептерде жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 32,2%-дан 68%-ға артты.
Шымкент қаласының білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау жүйесімен қамтылған.
Алайда арнайы талаптарға сәйкес бейнебақылау жүйесін орнатуға бюджеттен 545,9 млн.теңге қаралып, мердігер мекеме «Ernaiza Group» ЖШС келісім-шартқа сәйкес 147 мемлекеттік мектепке бейнебақылау жүйесі орнатылуда. Бүгінгі күнге 70 мектепке толығымен орнатылған.
Сонымен қатар, дабыл батырмаларын 147 мемлекеттік мектептерге орнату жоспарланып, толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда орнатылған 143 мектептегі дабыл батырмалары Шымкент қаласының ІІД «Жедел басқару орталығына» интеграцияланды.
Одан бөлек, 147 мемлекеттік мектептерге адамдардың келбетін танитын (ақылды турникет) турникет орнатылды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *