Пт. Апр 24th, 2026
Ғабит Сыздықбеков кезекті қала аумағын аралау барысында бірқатар маңызды нысандардың жай-күйімен танысты.
Атап айтқанда, Қаратау ауданындағы Ақсүмбе көшесін ұзарту жобасының жүзеге асырылу барысы тексерілді. Аталған жоба Бәйдібек би даңғылының көлік жүктемесін азайтып, қала ішіндегі көлік байланысын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Еңбекші ауданында ұн өндіруге маманданған «Ризаев» жеке кәсіпорнының жұмысы қаралды. Кәсіпорын тәулігіне 120 тоннаға дейін өнім өндіріп, 16 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын басшылығымен өндірісті кеңейту және алдағы даму бағыттары талқыланды.
Бұдан бөлек Қайнарбұлақ тұрғын алабында салынып жатқан ангар үлгісіндегі модульдік спорт залының құрылысы қаралды. Жоба спорт инфрақұрылымын дамытуға және бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Құрылыс сапасы мен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қалалық полиция департаменті ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарының басталуымен танысты. Жоба жедел қызмет бөлімшелерінің тиімділігін арттыруға және қызмет көрсету жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жауапты тұлғаларға жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау және құрылыс талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *