Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 18 шағын ауданда орналасқан №38 орта мектептің қосымша оқу корпусының құрылыс алаңына барып, жұмыс сапасын тексерді. Үш ауысымда білім беріп келген мектептің бұл мәселесі қосымша ғимараттың пайдалануға берілуімен жаңа оқу жылында шешімін табады.
Нысан 375 оқушыға шақталған. Жаңа ғимаратта спортзал, 76 орындық асхана қарастырылған. Құрылысы тамыз айында аяқталатын қосымша білім мекемесі пайдалануға берілген кезде 27 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Айширбайұлы.