Пн. Июн 29th, 2026
Жазғы шілде еніп, күн ысуына байланысты Шымкентте көгалдар мен жасыл-желекке тұрақты күтім көрсетіліп жатыр. Жауапты мамандар суару және абаттандыру жұмысын кесте бойынша күнделікті бақылайды.
Мысалы, Тұран ауданында суару жұмысы автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады. Суды тиімді пайдалану мақсатында суару жүйесі күн сайын кешкі сағат 18:00-ден түнгі 02:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұл уақыт аралығы жасыл желектің қажет ылғалды алуына қолайлы, дейді агрономдар. Жалпы, суару жүйелерінің жұмыс істеуі тұрақты бақылауда. Жасыл желекке санитарлық күтім де жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Мегаполис бойынша мұндай күтім жұмысы жаз бойы тұрақты жалғасады.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *