Пт. Мар 29th, 2024

Әмияныңызға салып жүрген ақшалар – шын мәнінде ол ақша емес. Бұл бар болғаны қазір жоқ болып кететін қағаздар ғана, яғни ақшаның белгісін білдіреді, бірақ нағыз ақша болып табылмайды.  

 

Ақша  – бұл идея. Сіздің табыс табу мүмкіндігіңіз – дәл қазір қалтаңызда қанша ақша бар, онымен есептелмейді, яғни ақшаға деген өз сана-сезіміңіз, көзқарасыңыз, түйсіне білуіңіз қандай, солай өлшенеді.  Бүгінгі күндері нарықты қалай жаулау керек, тұтынушыларды қалай тарту керек, акцияларды қалай сәтті пайдалану керек, тіпті ақшаны қалай иелену керек деген тақырыпта жарық көрген кітаптар көп, алайда сіз мынаны ескеріңізші… егер рухани дүниеңіз дайын болмаса… күш-жігеріңіз әлсіз болса… ондай жағдайда адам бақытқа да, байлыққа да қалай қол жеткізе алсын?!

Байлықты иеленгіңіз келетін тілегіңіз болса, онда оған, жалпы ақшаға деген қарым-қатынасыңыз оң ба, жайлы ма, жағымды ма, соны аңғарыңыз. Бәлкім, бұл сізді таңқалдырған шығар, әйтсе де, мынаны білгеніңіз жөн, көбінде адамдардың байлық пен ақшаға көзқарасы,  теріс болса, жаман болса, онда олардың қолында жетістік те болмайды. Кедейшілік пен қайыршылықтың себебі – әлгі адамның ақша туралы пайымында, сана-сезімінің ең түпкі қабатында «ақша дегеніміз не?» деген сұраққа қандай жауап таба білгенінде… Кедей сана тек жоқшылықтарды, жоқ-жітіктерді, қиыншылықтарды, шектеулерді, жетіспеушіліктерді көреді, естиді, тыңдайды, ойлайды, сезінеді …

Әйгілі миллиардер Майк Тодд (Mike Todd) : «Банкрот болу – уақытша нәрсе, кедей болу – сіздің ақылыңыз мен сана-сезіміңіздің көрсеткіші» деген екен. Дұрыс айтады. Қателіктері мен дұрыс  жасамаған қадамдарының кесірінен ақшасынан айрылған бай адамдар да бар өмірде, бірақ бұл тығырық оларды кедей ете қоймайды, себебі, сана-сезімі бай адам байлығын қайтадан жиып алуға және оны көбейтуге шама-шарқы бар.

Егер ақшаға деген көзқарасыңызда, сана-сезіміңізде сенбеушілік пен күдік-күмән болса, онда өзіңіздің алдыңызда шынайы келбетіңізді тануыңыз керек, өзіңізді алдамауыңыз керек, табысқа қатысты жасаған қадамдарыңыздың нәтижесіне көз жүгіртіп өтіңіз, өзіңіздің өміріңізде орын алған мысалдарды талдаңыз, әбден саралаңыз, кім екеніңізді біліңіз. Әлі де табыс табуға бойыңызда сенімсіздік бар болса, онда алдымен санаңызбен жұмыс істеңіз.

Ал, қалайда қаржылық жетістіктерге қол жеткізіп, өміріңізді жарқын жаққа қарай жақсартуды ойласаңыз, олай болса, барлық назарыңызды сананың ең жоғары деңгейіне бейімдеңіз, яғни ойлаған ой шын мәнінде орындалатынын негізге алыңыз. Ең алдымен сананы қалыпқа келтіру үшін мықты аффирмацияларды дайындаңыз, жағымды сөздерді күнделікті сан мәрте қайталаңыз және одан күш-қуат алып отырыңыз. Осы амалдар арқылы бейсанаға әсер етесіз, күнбе-күн тағы, тағы, тағы және тағы да шегелеп айтумен – санаңыздағы күдік-күмәнды қуасыз және өзіңізді шектеп тұрған қысымнан арылатын боласыз, содан соң ойша «алтын қамбаға» қарай ойысасыз. Демек, бұдан кейін бейсанада жағымды ойлар ойлауға жол ашылады. Мұндай ойлар сізді жақсылықтарға апарады. Аффирмацияларды қағазға жазып алыңыз, оңашада дауыстап оқыңыз, көшеде, көпшілік жерде іштей қайталаңыз, айтып жатқан сөздеріңізді сезініңіз, оны ақыл-ойыңызға ендіріңіз.

Сізге  қаншалықты көп ақша қажет? Әйтеуір, мол ақша керек деген сөз сізге анықсыз болып көрінбей ме? Сіз үшін бес доллар табудың өзі оңай емес. Нақты бір санды атап көрсетіңіз. Қанша керек? Дәл анық болсын. Өңіңіз түгілі түсіңізге де кірмейтін, шама-шарқыңызға тым жоғары қаржыны көксеп керегі жоғын білетін боларсыз, себебі, қандай көлемді табыс болсын, оған сіздің еңбегіңіз сіңуге тиісті, оны маңдай теріңізбен таба білуіңіз керек, оған қанша күш-жігер жұмсалатынын бағамдап көріңіз. Сондықтан нақты қанша қаржы керегін бейсанаға жазып ендірер алдында осыны қаперге ұстаңыз.

 

Табыс табудың үш түрі бар

 

Ақшаны уақытқа алмастыру – яғни, табыс табуға бар уақытын арнау аса мақтанарлық нәрсе ме өмірде? Жоқ. Керісінше, тиімсіз емес пе? Демалуға, жеке өміріңізге, отбасына, балаларға, жұбайыңызға көңіл бөлуге үнемі уақытыңыз бола бермейді, солай емес пе?

 

Бір қызығы, халықтың 96 пайызы, әсіресе, педагогтар, дәрігерлер, адвокаттар, бухгалтерлер, жұмысшылар, тағы басқалар осылай күн көреді. Мұның астарына үңілсеңіз, бұл тек күнкөріс және тіршілік ету амалы ғана. ӨМІР сүре білуге, уақыт пен ақшаға тәуелсіз болуға мүмкіндік жоқ. Иә, бізде көбінесе бос уақыт бола бермейді. Осы күйбең тіршіліктің арасында жүріп-ақ адамдар ақша жинауға бекінсе, онда оның өмірінің бір бөлігі осы мақсатқа жұмсалады деген сөз. Олар әртеуір өздерінен кемшілік іздейді. Мініп жүрген көлігінен немесе сатып алған пәтерінен, киім-кешегінен, тіпті шектеулі демалыстағы күндерінен…  Олар ешуақытта  өзіне қажеттіні ала алмайды. Сондықтан да көңілдері ештеңеге толмайды.

 

Ақшаны бір іске,яғни бір кәсіпке арнап капитал етіп салу —  мұнымен халықтың 3 пайызы ғана айналысады екен.  Бұл аз көрсеткіш. Дегенмен, көп адамдарда ақша жеткілікті, оны қалайда көбейтуге болады. Мұндай іске баратындар, яғни ақшасын көбейген үстіне көбейтікісі келетіндер тісқаққан сарапшылардан тәжірибе алып барып, бұл бағытқа жұмыла күш салады.

 

Әртүрлі әдістерді, тетіктерді пайдаланып, қаражатты көбейту- бұл стратегия сіздің уақытыңыздың көбеюіне көмектеседі,  көптеген адамдардың көмегіне сүйене отырып, бірнеше кіріс көздерін пайдалану дегеніміз нағыз кірісітің ұлғаюына септігін тигізетіні күмәнсыз. Бұл бай адамдардың, не болмаса байығысы келетіндердің  бағдарламасы. Бір емес, бірнеше жерден пайда табатын табыс көзін іздеңіз. Ежелгі Вавилонда адамдар осы әдісті пайдаланып байыған. Өкінішке қарай жер бетінде мұндай стратегияны 1 пайыз адамдар ғана қолданады, ал қалған 96 пайызы осы адамға қызмет ететін болады. Сіз қайсысының қатарынан көрінгіңіз келеді, 1 пайыздың ба, әлде 96 пайыздың ба?

Өзіңізге қанша ақша керегін нақтылап болсаңыз, жазылмаған таза параққа осы цифрды түсіріңіз. Доллар болса долларды, евро болса евроны, не болмаса теңгені көрсетіңіз және мына сөздерді қайталаңыз: Бұл ақшалар шын мәнінде менің қолымда болады! Мен бұл табысқа лайықтымын! Мен мына ақшалар қолымда болу үшін қандай қызмет ете аламын? Мен осы ақшаға лайықты болу үшін қандай адам болуым керек? Егер осы құрметке лайықты болуым үшін не істей алуым керек?

 

  • Қолыңыздан не келеді және оны қалай тиімді орындай аласыз, соны ойланыңыз.
  • Жасаған жұмысыңыздың сапалы болу жағын бірінші кезекте қаперіңізге ұстаңыз. Жақсы сапалы тауарға қай кезде де ұсыныс бар және оны жасаушы адам қай уақытта да таптырмас маман болып қалады. Жұмысқа шақушылар, тапсырыс берушілер көбейеді. Яғни, сұраныс пен тапсырысқа қол жеткізесіз.
  • Адамдарға көмектесе алу жағын ойлаңыз.

Ақша – бұл маған қызмет көрсетуші құрал деп қараңыз. Ақшаңыз неғұрлым көп болған сайын, айналаңыздағы қадірлі жандарға соғұрлым жәрдемдесе аласыз.

 

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *