Вс. Ноя 24th, 2024

Әрбір іс-қимылда тепе-теңдік заңдылығы бар, қандай іс әрекетт жасайсыз, дәл сондай жауап аласыз.

Исаак Ньютон  (164З-1727 жыл) математик және физик

Сіз әр сәт сайын өмірде әлденені берген сайын, өзіңізге қарай алудың да жолын қарастырып жатырмын деп ойлаңыз. Өйткені, өмірде қаншалықты күш жұмсадыңыз, қаншалықты бердіңіз, соншалықты аласыз. Барлық бергендеріңіз өзіңізге түгел қайтады. Бұл Жаратылыстағы физика және математика заңы.

Жағымды, яғни позитивті көп бердіңіз бе, жағымдылықты аласыз, ал жағымсыздықтар құрсауында болдыңыз ба, ендеше жағымсыздықтар қайтадан қоршайды. Сол себепті, сіздің өміріңіз шаттық пен қуанышқа толы бола алады, не болмаса әрекетіңізге қарай қайғы мұңға, сәтсіздіктерге толы болуы да мүмкін. Бірақ, сіз өмірге не беріп жатқаныңызды қалай білесіз? Жақсылық па, әлде жамандық па? Оны өз ойларыңыз бен сезімдеріңіз арқылы ғана біле аласыз!

Кез келген уақытта сіз жақсы да, жаман да ой ойлауыңыз мүмкін. Сіз өзіңізді не жақсы, не нашар сезінуіңіз де бек мүмкін. Осының барлығы тікелей сіздің өз ойларыңызбен байланысты. Сізге айналып қайтып келетін де осылар. Айналаңыздағы адамдар, өміріңіздегі жаңалықтар мен жағдайдар, оқиғалар, әрбір күніңіз… сіздің ойларыңыз бен сезімдеріңіздің жемісі. Сол ойларыңыз арқылы сізге тартылған күштер. Сіздің өміріңізден орын алған нәрселердің барлығы кездейсоқтықтан немесе әншейін бола салған жайттар емес. Олардың барлығы да әлем кеңістігіне өзіңіз жолдаған, жіберген ақпараттар. Демек, не бердіңіз, соны алдыңыз.

Мәселен, жаңа үйге қоныс аударған досыңызға қолғабыс етіп, оның көшіп келуіне көмектестіңіз бе, ендеше осы қолдауыңыз сізге тез арада жақсылық болып оралады. Ал, уәдесінде тұрмаған танысыңызға жата кеп ашуландыңыз дейік, бұл ызаңыз да көп кешікпей өзіңізге қайтып келеді. Яғни, бұл күштер сізді адаспай таба алады.

Қысқасы, сіз өзіңздің ойларыңыз бен сезімдеріңіз арқылы өміріңізді қалыптастыра аласыз. Егер сіз таңертең төсегіңізден тұрып: «Бүгін маған қиын болатын шығар, өйткені жұмыстар көбейіп кетті, оның үстіне мазам қашып тұр» дейтін болсаңыз, күні бойы осындай ойдағы адамдармен және  шаршаған, ашулы, ызақор жандармен кездесіп қала беретін боласыз. Солар сіздің көңіл күйіңізді түсіріп, бірде ұрысып, бірде керілдесіп, әйтеуір расында сол күніңіз өзінен өзі қиын болып шыға келеді.

Егер сіз өзіңізге «Өмір тамаша! Менің жолым болғыш!» деген сөзі айта білген болсаңыз, расында бұл энергия сіздікі. Бағытыңыз сәттілік жаққа қарай өзгереді.

Сіз  — магнитсіз

Иә, сіздің магнит десек болады, ғаламға қандай күш жібердіңіз, соны қайтадан тартып аласыз дедік емес пе? Яғни, тартылыс заңы. Егер сіздің ақша туралы ойларыңыз жаман болса, дереу оны ұмытуға тырысыңыз. Мысалы, «ақша қолдың кірі», «байлық бақыт әкелмейді, бүгін бар, ертең жоқ» деген пиғылда болсаңыз, расында ақшаға қатысты мәселелерде үнемі дау дамайға ұшырап, ақшаны жоғалтып алуға, бей берекет жұмсауға қалай бейім болғаныңызды өзіңізде аңғармай қалатын боласыз. Олай болса, ақша бақыт әкеледі дегенді жиірек қолданыңыз, сонда ғана молшылыққа, берекеге, жақын жуықтарыңызға жәрдемдесуге мүмкіндік аласыз.

Тау жаңғырығын есіңізге түсіріп көріңіз, сіз қандай сөзді айтасыз, ол сіздің сөзіңізді айна қатесіз қайталайды, сіздің сөздеріңіз бен дыбысыңыз жаңғырып өзіңізге оралады. Тартылыс заңын осылай деп түсініңіз. Егер сіз ол проблемалардан құтылғыңыз келсе, мүлде ауызға алмаңыз, оны ойыңыздан түп тамырымен шығарып тастаңыз. Ол жаңғырмайды, қайталана алмайды. Егер әлгі проблеманы тағы да қозғап айтатын болсаңыз, ол сізді қайта табады, сізбен бірге болады. Тағы да қайталанады, сол сөздер, сол оқиғалар, сол жайттыр… Өміріңізді өзгерткіңіз келсе, жағымды ойларды ойлаңыз! Жақсылықты сезініңіз! Сіздің өміріңіз жақсы жағынан міндетті түрде өзгереді!

Қандай ойдасыз?

Сіздің ойларыңыз сыртқа сөз арқылы шығады. Сөздер арқылы адамның қандай ойда екенін аңғаруға болады. Сіз қандай да бір затты қалап, оны алғыңыз келсе, мысалы: «Мына бәтіңке маған ұнап тұр, қандай әдемі!» десеңіз, ойларыңыз жағымды болғаны. Сіз әлгі аяқ киімді өзіңізге тарттыңыз, жағымды ойларыңыз сізге су жаңа бәтіңке болып оралады. Ал, егер: «Мына бәтіңкені қарашы, бағасы удай, не деген қымбат!» дейтін болсаңыз, сіздің ойларыңыз жағымсыздықты білдіреді. Бұл ой да сізге қайтып келеді, бұл бәтіңкені сатып алуға қалтаңыздың көтермейтіні әрдайым есіңізге түсіп, ақыры бұйым сіздің алақаныңызға түспейді.

Көбінесе адамдар өзінің жақсы көретіндерін, ұнататындаын айтпайды, керісінше ұнамайтындарын, жақтырмайтындарын айтумен болады. Солай ғалам кеңістігіне ақпарат тарату арқылы өзіне қайтадан дәл сондай жағымсыздықтарды қайтарып алады. Өзін өзі осылай барша әлемнің қызықтарынан, игіліктері мен молшылықтарынан құр қалдырады.

Өмірде махаббатсыз ашық жарқын, тоқшылықпен, толыққанды ғұмыр кешу мүмкін емес. Махаббатпен өмір сүріп жатқан адамдар ылғи өзіне ұнамды нәрселерді айтатын және соған қол жеткізетін жандар , ал кімнің өмірі күреспен, жетіспеушілікпен, ашынумен өтіп жатқан болса, ол адам үнемі жайсыздықтар туралы ойлап, қаламайтын нәрселерін айтатын болғаны.

Жақсы көретініңізді айта біліңіз

Сіз қазіргі сәтте ақшаңыздың жетпей жатқанын, ауырып жүргеніңізді, жақын адамыңызбен араңыздың дұрыс болмай жүргенін, тіпті бизнесіңіздің күннен күнге құлдырап, құрып бара жатқанын айтатын болсаңыз, сіз өзіңізге қажеттіні айтып жатқан жоқсыз. Керісінше, еш қажетсіздерін теріп айтып жатсыз. Бұл өз кезегінде залалын тигізетінін ескерттік. Теледидардағы жаңалықтардың арасынан сізде қандай да бір жағымсыз ақпараттарын қайталап айтатын болсаңыз, мәселен, бір қаланың немесе бір адамдардың апатқа тап болғанын, тағы басқаларын… онда сіз тағы да өзіңіз жаныңыз қаламайтын ақпараттарды көбейтіп жатсыз, өзіңізге тағы да жағымсыздықтарды тартып отырсыз. Сондай ақ, бүгін жұмысқа кешігіп барғаныңызды, жұмысыңыздың ауыр болғанын, автобус кептелісінде ұзақ тұрғаныңызды, әлдекіммен дөрекіленіп сөзге келіп қалғаныңызды әңгімелеп айтатын болсаңыз, кешіріңіз тағы да мазасыздықтар жөнінде әңгімелеп отырсыз. Сіз келесі күні тағы да мазасыз күй кешесіз деген сөз. Егер сіз осылай күнделікті жағымсыздықтарды айтуды әдетке айналдырған болсаңыз, өміріңіз ауыртпашылықтар мен қиындықтарға жалғасып кете бермек.

Сондықтан, сізге күнде жақсы жаңалықтарды, жағымды  нәрселерді, жақсы ойларды айтуды әдетке айналдыру керек. Кішкентай нәрседен шын қуана біліңіз. Ол ұлғайып өзіңізге қайтады. Бүгін қандай сәттіліктер болды сіз үшін? Жұмысқа дер кезінде барғаныңызды, дер кезінде автобусқа мініп үлгергеніңізді, кездесуге барған адамыңызбен мәселені оңтайлы шешкеніңізді айтыңыз. Тапсырманы уақытылы бітіргеніңізге қуаныңыз. Денсаулығыңыздың жақсы екенін, өзіңізді бүгін көңілді сезініп тұрғаныңызды, сергек екеніңізді айтыңыз. Қаншалықты табысқа, жалпы сізге қанша ақша керек екенін айтыңыз! Бизнесте үлкен жетістіктке жеткіңіз келетінін міндетті түрде дауыстап айтыңыз! Жақсы жаңалықтарды күтіңіз, естуге және қабылдауға дайын тұрыңыз, естіген сәтте қуаныңыз! Әрі қарай жалғастырыңыз. Жақсылықтар туралы ойлаңыз!

Бала кезіңізде ата анаңыз осындай кеңестер айтты ма сізге, сіз осыған дейін қандай ақпараттарды айтуға дағдыланғансыз? Егер ата атаныз айтпаған болса, сіз айтыңыз, сіз айтуды әдетке айналдырыңыз, сіз балаларыныңызға айтыңыз! Тордағы тотықұсты білесіз бе? Тордағы құстың халі қандай? Тар жерде тығылып, бір сөзді қақылдап айтып тұрғаннан басқа не көре алады? Сол секілді, өзіңізді тар қапасқа қамағыңыз келмесе, жағымсыз бір сөзді қайталай беретін тотықұс сынды болғыңыз келмесе, дереу торды бқзып шығыңыз. Ол сіздің қолыңыздан келеді. Еркін зәулім көкке самғап ұшыңыз, қалықтаңыз, өмірден қалағаныңызды алыңыз! Сізді еркін, әрі биікке самғататын берік күш бар, ол махаббат күші! Тек махаббатты таңдай біліңіз, жүрегіңізбен қалай біліңіз!

 

РОНДА БЕРН

 

 

 

 

 

 

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *