Вт. Окт 15th, 2024

Отбасы бақыты

Қызғаныш едәуір өміріңді бүлдіретінін бәрі де біледі, әсіресе қызғанышты сезінгендер оны жақсы түсінеді.  Дәлелденді ме, әлде жоқ па… Шындығы сіз оған он бес рет хабарласқаннан кейін анықталады, сосын ашуланасыз,  жылайсыз, маған көңілі суыды деп шешесіз, содан қатты ренжисіз. Қызғаныштың пайдасы туралы (қарым-қатынастың бұзылуы туралы) басқалар айтсын. Ал, мен сүйіктіңіз бен өзіңіз егер осыдан азап шегіп жүрсеңіздер, қызғанышпен қалай күресуге болатынын  әңгімелеп берейін.

 

Қызғаныш — бұл сіз қабылдаған «қауіп-қатердің» реакциясы, шын  немесе алдамшы ма, әйтеуір белгісіз, алайда сіз үшін бағалы қарым-қатынастың бұзылатыны ақиқат. Қызғануыңызға не мәжбүр етті? Неден қорқасыз?

Бірде Флорида қаласындағы психологтар зерттеу жүргізді. Олар ер азаматтарды сүйіктілерінің көзінше, басқа қыз-келіншектермен тілдесуге, қапсыра құшақтасуға әдейі итермеледі. (оның ішінде сұлулары және көріксіздері де болды). Сосын жолдастарынан  өздерінің жұбайлары туралы мінездеме берулерін сұранды.

Осыдан соң қызық тұжырымдар жасалды. Сұлу әйел мен сұлу жігітті кездестіріп сөйлетіп, ақыр соңында өзінің күйеуі жөнінде сұрағанда әлгі әйел өмірлік серігі туралы жақсы пікір айтты. Ал, енді сұлу ер мен көріксіз әйелді сөйлестіргенде, күйеуінің өз әйелі тұрғысындағы пікірі оң көзқарасты білдіріп тұрды. Келесі топ, айдай сұлу арулардың алдында парасатты ер азаматтардың өзі барлық жақсы қасиеттерін жоғалтып алды.

Егер сіз кезекті қызғануыңызда ер азаматыңызға ашуланатын болсаңыз, онда оның артында не жасырынып жатқанын түсінуге тырысыңыз. Сіз жалғыз қалып қоямын деп қорқасыз ба? Өзіңізді кемсінгендей болып сезінесіз бе? Сізді бәрінен қатты өкпелететін не нәрсе? Ол басқа біреумен уақыт өткізуі мүмкін деген ойдасыз ба?  Есі кете таңданатын өте сұлу арумен уақыт өткізіп жүр деп ойлайсыз ба?  Әлде арадағы қарым-қатынасымыз күйрейді және күйеуім енді мені сүймейді деп қорқасыз ба? Мүмкін, әрине сіз қызғануыңызға әртүрлі себеп тапқан шығарсыз, әйтсе де ішіндегі көбірек уайым-қайғы  әкелген біреуін ғана бөлек алып шығыңыз.

Енді «осы жайт» маған көбірек азап әкелгенді деп таңдасаңыз, неліктен сіз ондай жағдайда өзіңізді басқаша ұстайсыз, соны анықтаңыз. Өзіңізбен ашық сырласыңыз. Шын мәнінде қарым-қатынасыңызға төнер қауіп-қатер бар ма? Әлде ол сіздің «ауруға» айналған мезі еткен сұрағыңыз ба? Бойыңызда қалып кеткен  «мені тастап кетеді» деген  қорқыныш па?  Сіз әрбір әйел үшін болмашы нәрсеге бола қызғана бересіз бе? Ал, екінші жағынан мұндайда психологтар сезімталдығының төмендеуіне байланысты арнайы техниканы пайдаланады. Егер сіздің маманға барып кеңес алуыңызға уақытыңыз немесе зауқыңыз жоқ болса, психологтар  үй жағдайында пайдалануға болатын әдістерді ұсынады.

1-ші тәсіл

  1. Қызғануыңызға мәжбүр ететіннің барлық тізімін жазыңыз, жәйттерді аз жағына қарайғы тәртіппен орналастырыңыз. (Арадағы қарым-қатынасқа байланысты қайсысы көптеу жүрегіңізді жаралайды, соны бірінші тізімге жазасыз, тізімнің төменгісі қайсысы аздау әсер еткенін кейінгі қатарға жазасыз).
  2. Диванға жатыңыз да, медитативты музыканы қойып, денеңіздің әрбір бөлшегін кезегімен босаңсытып, рахаттаныңыз, табаныңыздан бастаңыз.
  3. Осы босаңсыған рахатты қалпыңызда тізіміңіздегі жазылған жайттарды елестетіңіз. Төменінен бастап, жоғарыға сатылаңыз.
  4. Қалай сіз босаңсу ләззатын үйренгеннен соң,  ең « ренжіте қоймайтын» жайтты  елестетіп болған соң, келесі тармағына өтіңіз. Әрине, төменнен жоғарыға қарай екенін білетін боларсыз. Демек, соңғы қатардағылар онша ренжіте қоймайтын жайттар екенін, сіз тізімді кему арқылы орналастырғаныңыздан білесіз. Өзіңізді жайлы сезіну қолыңыздан келмей жатса, онда жаттығудың екінші әдісіне оралыңыз, қайтадан  босаңсу әдісін қайталаңыз, босаңсыған күйіңізде  келесі тармақтағы — сізді  қатты ренжіткен жайтқа қайта оралыңыз. Сөйтіп, сіз біртіндеп   қызғанышты жеңіп шығуды үйреніп, өзіңізді жайлы сезініп, тынышталасыз. Әрине, мұндай жаттығуларды маманмен бірге жасаған дұрыс, нәтижесі керемет болар еді, дегенмен, бір себептермен  бара алмасаңыз, онда өзінше жасап көруге де болады.

Екінші әдіс

Психологтар бұл әдісті «притворись» деп атайды.  Оның мәні мұнда қызғаншақ   қызғаншақтық әрекетін жасамайды. Демек, адам өзінің мінез-құлқына, тәртібіне бақылау жүргізе алса, өзін қызғаншақ емес ретінде сезініп, әрекет етсе, онда алдағы уақытта  ол  өзін қызғаншақ емес адам ретінде қабылдауы мүмкін деп болжанады.

Үшінші әдіс

Бұл жаттығуды кей кезде  «сиырдың  мойнындағы қоңырау» деп те атайды. Ол үшін сізге  күйеуіңіз және телефон керек. Егер күйеуге шықпаған болсаңыз, кез-келген жігітті «пайдалануыңызға» жарайды, өзіңіз ұнататын, өте қызғанатын ер азаматты таңдайсыз.

Сонымен  жолдасыңыз немесе сүйіктіңіз сізге үнемі тынбай телефонмен хабарласа беретіні рас қой. Қайдасың? Қайда бардың? Не істедің? Сіз әрине, оған қайда екеніңізді және бір сағаттан кейін қайда болатыныңызды хабарлап айтып отыруыңыз керек. Әрине оның сізге қайда хабарласу керек екенін білу үшін оған айтып отырасыз. Ол үйге немесе жұмысыңызға, әлде ұялы телефоныңызға хабарласуға болатынын біліп отыруы қажет. Сіз сиырға неліктен қоңырау тағылатынын білесіз ғой. Ия, оның алысқа кетпеуі үшін және бақылаусыз қалып кетпеуі үшін тағылатынын бәрі біледі. Солай сіздің жұбайыңыз ығыры шыққанша, қайта қайта қайда екеніңізді хабарлап отырыңыз және соңында өзінің қайда жүргенін ежіктеп сұраңыз.

Біріншіден, бұл техниканы қолдану арқылы сіз өзіңізді оның орнына қойып көресіз, екіншіден, оны қайталау арқылы өз бейнесін өзіне көрсетесіз (қалай жүйкеге тиетінін бұрын ол қалай байқамаған!) Үшіншіден, бір біріңізге уақытылы «есеп» беріп отырғаннан кейін күдік күмәндарының азайып, байғұс телефон да тынышталып, демалып қалады. Әрине, сіз де сабырлы қалыпқа түсесіз!

Қызғаныш өрті қашанда түймедейді түйедей, күмәндіні шындық етіп көреді. Жоғарыдағы психологиялық жаттығулар қызғаныштан арылуға көмектеседі және жаныңыздағы өмірлік серігіңізді жақыннан тануға, байыпты, салмақты болуыңызға жәрдемін тигізеді.

Мигель Сервантес.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *