Сб. Июн 22nd, 2024

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында іргелі бастамаларды көтерген болатын.

Солардың ішінде ерекше тоқталатыны — әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру. Бір жыл ішінде Жолдауда айтылған негізгі бастамаларға негізгі қадамдар жасалып та жатыр. Ел тағдыры сынға түскен уақытта Президентіміз табандылықпен тарихи шешімдер қабылдады. Былтырғы Жалпыхалықтық референдум мен Президент сайлауы елді де, қоғамды да түбегейлі өзгертті.

Жолдаудан соң жалпыхалықтың референдум өтіп, аумақтық бөліністер жасалды. Жаңа облыстар құрылып, олардың орталықтары белгіленді. Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған, Абай облысының орталығы – Семей қалалары болып бекітілді. Ал, Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласы болған соң, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшірілді. Осындай батыл қадамынан-ақ Президенттің сөзден нақты іске көшкендігін аңғаруға болады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, енді Президент тіпті жергілікті әкімдердің бұйрықтарын жоя алмайды. Өңірдегі билік ісіне араласпайды. Президент, әкім, сот белгілі бір партияда мүше бола алмайды. Бұл Мемлекет басшысының тың бастамалары болатын.

Сондай-ақ, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы әріптестік орнату жұмысы жалғасты. Бабалар жолымен Ұлттық құрылтай шақырылуын осы бағыттағы ілкімді істердің дәлелі деуге болады. Оның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті, екінші отырысы киелі Түркістанда өтеді.

Ең бастысы, Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді. Сондай-ақ, азаматтардың белсенділігін арттыруға және олардың елімізді жан-жақты дамыту ісіне атсалысуына жол ашты.

Сейдулла САДЫҚОВ,
ХҚТУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *