Чт. Апр 23rd, 2026

Шымкент қаласындағы Жүрек орталығына 46 жастағы науқас шұғыл түрде жеткізілді. Алғашында ол Қызылорда қаласындағы ауруханаға «қолқаның жедел қабаттанатын аневризмасы» диагнозымен түскен. Бұл – адам өміріне тікелей қауіп төндіретін өте ауыр жағдай.

Дегенмен, техникалық мүмкіндіктердің болмауына байланысты мұндай күрделі операцияны Қызылордада жасау мүмкін емес. Сондықтан, науқас санитариялық авиация арқылы Шымкент қаласындағы Жүрек орталығына жеткізілді.

Дәрігерлер науқасқа шұғыл түрде күрделі ота жасап, операция сәтті өтті. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты. Ол реанимация бөлімінен кардиохирургия бөліміне ауыстырылып, күтім алуда.

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысы мен жедел қабылданған шешімдердің нәтижесінде науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болды.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *