Пт. Апр 24th, 2026
23 сәуір – Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне орай Шымкент қаласында «Руханиятқа жол – кітаптан» кітап апталығы қорытындыланды.
Салтанатты іс-шара «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, жергілікті БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Мерекелік жиында еңбегімен көзге түскен бірқатар кітапханашы Алғыс хаттармен марапатталып, сала қызметкерлерінің рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтілді.
Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, «Кітап – AMANAT» жобасы аясында «1 сұрақ – 1 кітап» акциясы өткізілді, кітап көрмелері мен жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Айта кетейік, 16-22 сәуір аралығында қала кітапханаларында өткен кітап апталығы аясында кітап көрмелері, әдеби кештер, оқу марафондары, жергілікті авторлармен кездесулер, ашық аспан астындағы оқу алаңдары, фильм көрсетілімдері мен кітап клубтарының жиындары ұйымдастырылды. Сонымен бірге жастар мен балаларға арналған арнайы бағдарламалар, әдеби квиздер, квест ойындар және «еркін микрофон» форматындағы кездесулер өтті.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *