Пн. Май 11th, 2026
Қаланың саябақтары мен гүлзарларында өтетін «Шымқала кештері» атты ашық аспан астындағы концерттік іс-шара бастау алды. А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында «Шымкент концерт» концерттік ұйымы қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік бағдарламасын ұсынды.
«Шымқала кештері» жобасы — қала мәдениетін дамытуға, өнер ұжымдарының шығармашылығын насихаттауға және тұрғындардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған мәдени бастама.
«Шымқала кештері» концерттер шеруі көктемнің әсем кештерімен үндескен концерттік және театрландырылған бағдарламалар арқылы көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлауды мақсат етеді.
«Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мерекеге орай әсем әндерін әуелетіп, маусымның шымылдығын ашты. Табиғат аясында өткен OPEN AIR форматындағы кеште ұйым әртістері жиналған қауымға арнайы дайындалған мерекелік бағдарламасын жоғары деңгейде ұсынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты жалғасын тауып, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары апта сайын қала саябақтары мен гүлзарларында халықпен қауышып, өз өнерлерін паш ететін болады.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *