Чт. Апр 30th, 2026
Шымкент қаласында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда қала дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиын барысында кеңес мүшелері мен жауапты басқарма өкілдері 2025 жылдың қорытындылары мен алдағы міндеттерді талқылады.
Отырыста қалалық бюджеттің орындалуы, қоғамдық көлік қызметінің сапасы, жол құрылысы, сондай-ақ мәдениет және тіл саясаты бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды. Кеңес мүшелері алдында алдымен Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевтың атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспары бойынша есебін тыңдады. Кейін бюджет қаражатының тиімді игерілуіне ерекше назар аударып, кейбір жобалардың кешігу себептерін нақтылауды талап етті. Сонымен қатар, бөлінген қаржының нақты нәтижеге бағытталуы қажеттігі айтылды.
Қоғамдық көлік пен жол мәселелері де назардан тыс қалмады. Тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді көлікпен қамту, автобустардың жағдайы мен қозғалыс кестесінің сақталуы, сондай-ақ жолдардың сапасы бойынша бірқатар сын-ескертпелер айтылды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар болғанымен, түйткілді мәселелердің әлі де толық шешілмегені көтерілді.
Сондай-ақ, мәдениет саласы мен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, архив ісін жетілдіру мәселелері де талқыланды. Кеңес мүшелері бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтып, нақты ұсыныстарын жеткізді.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *