Чт. Апр 30th, 2026
Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың дәрігерлері жамбас сүйегінің жарақатына күрделі ота жасап, жақсы нәтиже көрсетті. Тексеру барысында бұрын ауыр жарақат алған науқас жамбасының қасаға симфизінің ажырауы және жамбас сақинасының бұзылуы анықталды.
Соның салдарынан 32 жастағы азамат уақыт өте келе өздігінен қозғалу мүмкіндігінен айрылған.
Ота кезінде тыртық тіндер алынып, сүйектер анатомиялық қалыпқа келтірілді, металл пластина мен бұрандалар арқылы берік бекітілді.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, қозғалу белсенділігі біртіндеп қалпына келуде. Әзірге дәрігерлердің бақылауымен емін жалғастыруда.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *