Шымкент қаласы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, білім беру саласында түрлі форматта жалпы 115 іс-шара өткізілді.
Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бұдан бөлек, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында пәндерді оқыту әдістемесі, күрделі тақырыптарды меңгерту, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне енгізу және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды кіріктіруге бағытталған 32 семинар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараларға қаладағы барлық пән мұғалімдері қатыстырылып, жалпы 3 248 педагог қамтылды.
Жалпы, атқарылған жұмыстар педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған.
