Сб. Май 9th, 2026
Ғабит Сыздықбеков польшалық «Fabe-Agro» компаниясы жүзеге асырып жатқан жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысып, жоба жетекшілігімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жобаның қазіргі жағдайы, құрылыс қарқыны және оны іске асырудың негізгі кезеңдері талқыланды. Аталған жоба қаланың агроөнеркәсіп саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие.
Жылыжай кешенінің жалпы аумағы 144 гектарды құрайды, ал инвестиция көлемі 137 миллион АҚШ долларына тең.
Қала әкімі жұмыс тобымен бірге құрылыс алаңына барып, нысанды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Жауапты тұлғаларға инфрақұрылымдық жұмыстарды уақытылы орындау, үдерістерді үйлестіру және белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды.
Жоба толық іске қосылғаннан кейін жылына 36 мың тоннаға дейін көкөніс өнімін өндіру және мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қаладағы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, бағаны тұрақтандыруға және тұрғындарды жыл бойы сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *