Чт. Май 14th, 2026
Ғабит Сыздықбеков кезекті азаматтарды қабылдау өткізіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Қабылдау барысында қала тұрғындары энергетика, жер қатынастары, заңсыз құрылыс деректері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелеріне қатысты өтініштерін жеткізді.
Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, бірқатар мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер жауапты тұлғаларға жолданып, бақылауға алынды.
Күні бойы басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуымен 130-дан астам азамат қабылданды. Барлық өтініштер тіркеліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Қала әкімдігі тарапынан тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтыны және әрбір мәселе бойынша заңнамаға сәйкес жауап берілетіні атап өтілді. Халықпен кері байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *