Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартқа сай ескек есу арнасында триатлоннан супер-спринт қашықтығы бойынша Elite санаты және U23, U19, U17, U15, U13 жас ерекшеліктері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Орта Азияда теңдесі жоқ, халықаралық талаптарға сай салынған ескек есу каналы еліміздің спорт инфрақұрылымындағы бірегей нысандарының бірі саналады. Заманауи кешен республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғары дәрежеде өткізуге толық мүмкіндік береді.
Ел чемпионатына Астана және Алматы қалаларынан, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан келген 150-ге жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде еліміздің үздік триатлоншылары өзара мықтыны анықтайды.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров пен Қазақстан триатлон федерациясының бас хатшысы Сергей Майер қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
9–10 мамыр күндеріне жоспарланған ел чемпионатының алғашқы жарыс күнінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Нәтижесінде Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, облыс қоржынына 5 медаль еншіледі.
Elite санатында ерлер арасында Егор Крупяков қола жүлдеге ие болса, әйелдер арасында Надежда Бегмаганбетова да қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, U23 жас санатында Даяна Карим қола медаль иеленді. U19 санатында Матвей Шевнин күміс жүлдегер атанса, U17 жас ерекшелігінде Мұрат Әлхам күміс медальға қол жеткізді.
Осылайша, жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша түркістандық спортшылар 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров пен Қазақстан триатлон федерациясының бас хатшысы Сергей Майер арнайы алғыс хаттармен және медальдармен марапаттады.
Айта кетейік, ел чемпионатында үздік атанған спортшылар маусым айында Қытайда өтетін
