Чт. Ноя 21st, 2024
Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезекті алтыншы сессиясы өтті.
«Nur Otan» партиясының депутаттық фракция отырысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асырылуын жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың орындалуына фракция мүшелері тарапынан бақылау жұмыстарын күшейту қажеттілігі ескертілді.
Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Шымкент қалалық әкімдігінің және қалалық тексеру комиссиясының 2020 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. Сондай-ақ, «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданды.
Шымкент қаласының даму бағдарламасын және «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында бірінші кезектегі шығындарға басымдық берілді.
Қала әкімдігі тарапынан бюджетті нақтылауға ұсынылған 3 600,0 млн.теңге қолдау тапты.

от admin

Один комментарий к “Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезекті алтыншы сессиясы өтті”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *