Махаббат тілі
Махаббат тілі— мұндай түсінікті психолог Гери Чепмен ұзақ уақыт бойы адамдардың бір-бірімен түсініспеушілігі арасындағы проблемада жиі жүргізді. Ол махаббатты бес тілде түсіндіруге болады деп қорытынды жасады.
Махаббат тілі- «мадақтау сөзі»
Егер сіз ұзақ уақыттан бері өзіңізге «еріңізді қалай жаулап алуға болады?» деген сұрақпен мазасызданып жүрсеңіз, онда осы махаббат тілі сізге дұрыс бағыт-бағдар көрсетеді. Ешуақытта жиі мақтаудан және алғыс білдіруден қысылмаңыз. Бір күні Марк Твен «мен жылы сөздер арқылы екі ай бойы тамақтанбай жүре аламын» деген екен. Әрине, бұл таңданарлық жайт емес, егер ерлі-зайыптылар бір-біріне күнделікті сүйіспеншіліктерін білдіріп тұрса, онда олардың қарым-қатынастары да тамаша болмайды ма, иә. Мәселен, «үйдегі қоқысты сыртқа төгіп келгенің үшін рақмет немесе ыдыс-аяқты тап-таза етіп жуып қойыпсың ғой, әйел затының арманысың», «Бүгін тамаша тамақ пісіріпсің, сенің қолыңнан бәрі келеді, сен сондай керемет жансың» деп айтыңызшы немесе серігіңіздің бүгінгі келбетінің қатты ұнағанын да жасырмай мақтаңыз. Мақтауды шын жүрегіңізбен жеткізіңіз, тіптен жай ғана болмашы нәрсеге де қолпашты ұмытпаңыз. Ең бастысы, мадақтауды өзіңіздің пайдаңызға бола қолданбаңыз, бұл әрине махаббат емес. Мақтауды жүрегіңізбен сүйсіне білдіріңіз, серігіңізге де, өзіңізге де жағымды болсын. Сонда автоматты түрде тартылыс заңы іске асады, яғни, бізді мақтағанда, біз де ілтипатпен және ізеттілікке қалай да оған жағымды, игілікті іс жасап қайтаруға тырысамыз.
Мадақтаудан басқа достарыңызға өздеріне сенімсіздік кезінде демей біліңіз. Оларды жаңа бастамалары кезінде қуаттап, сүйеу бола біліңіз. Махаббат тілін пайдаланып, атап айтқанда «кешір» деген сөзді! Маңыздысы әлемді оның көзқарасымен қарауға талпынсаңыз, сонда ғана сіз оны түсіну арқылы қолдау үшін оған қажетті сөздерді жеткізген болар едіңіз… Тіптен ол үшін ерлердің психологиясын білудің де қажеті жоқ, мадақтау, мақтаусыз ешқандай еркек сіз үшін бір пайдалы іс жасауға талпынбайды. Оған «сізді жақсы түсінемін», бұл маған маңызды және «мен сіздің іскерлік қабілетіңізге немесе талантыңызға сенемін» деп айтыңыз. Өйткені әйел болудың да мәні осында емес пе, ер азаматқа қолдау көрсету, тіптен ол үшін әйелдік қулығыңызды да пайдалануға тура келсе де, оған дұрыс бағыт-бағдар көрсету сіздің ақыл-парасатыңыздың биік екенін көрсетеді. Әрдайым дауыс ырғағын (интонация) тек жылы сөз айтуға таңдаңыз, тіптен бір сөз бен қайталанған сол сөйлемді әр түрлі мағынада жеткізуге болады.
Махаббат тілі — «Уақыт»
Досыңызға уақыт бөліңіз, назар аударыңыз, әрине теледидар көріп отырып емес, себебі сіз ақпарат барысын толық қадағалап, құлағдар болуды ұнататын шығарсыз. Дегенмен, теледидарды өшіріп, 10-20 минут көңіл аударып, күннің қалай өткенін біліп немесе мақсаттарыңызбен бөлісуіңізге болады. Мұндай отырыстар ерлі-зайыптыларды ғана жақындастыра түспей, балаларыңызды да, жалпы отбасыңызға да жылулық сыйлайды, бұл кезде сіздер бір-бірлеріңізді дұрыс түсінуге тырысасыздар, тіптен, барлығыңыз бір-бірлеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңізді білдіресіздер. Бұл жерде уақыт саны емес, назар аудару, ықылас салу маңызды. Егер сіздің жақыныңыз махаббат тілінің осы «уақыт» тілін таңдаса, онда сіз оны қабылдап, тыңдауға тырысыңыз, оған уақыт бөліңіз. Міне, тыңдаудың бірнеше тәсілдерін ұсынайын:
Ешуақытта әңгімелесушінің сөзін бұрмаңыз, аяғына дейін тыңдай біліңіз, енжарлық танытпаңыз, 10 минутқа болса да әңгімені қоя тұрып, тірлігіңізді бітіріп алуға бола, оның көңілін құлазытпаңыз, өйткені ол сізді өмірлік серік етіп таңдады. Егер адам сөйлескісі келсе, онда оның дәл осы кезде айтқысы келетінін айтуға мүмкіндік беріңіз. Бар ісіңізді кейінге қалдырып, тыңдаңыз. Осындай махаббат тілін пайдалана отырып, сіз серігіңізді түсінуге тырысасыз және оның эмоциясын сезіне отырып, оның көңіл- күйін көтеруге ат салысып, қолдау көрсеткеніңізді танытасыз. Сөзін бөлмей, айтысып таласпай, тыңдаңыз, ол сізді сол үшін де таңдаған.
Махаббат тілі-«сыйлықтар»-бұл көрінетін сүйіспеншілік сөзі
Балалар әрқашан ата-аналарына сыйлық жасайды, олар өздерінің әке-шешесіне деген сүйіспеншілігін осылай білдіреді. Сый-сияпат — бұл көңіл аудару, ықылас білдіру, сол үшін де бағалы зат болу міндетті емес. Оны сатып алуға, табуға немесе өзің жасауға болады. Егер жұбайыңызға сыйлықтар өмірінде маңызды рөл атқарса, онда оны сыйлай білуді үйреніңіз, бұл өте қарапайым махаббат тіліндегі тәсілдің бірі.
Махаббат тілі — «Бір-біріне көмек»
Егер сізге көмек қажет болса, онда айтыңыз, тек бұйырып сөйлемеңіз, көмектесу – демек ол серігіңіздің қажеттілігін жасау, мұқтаждығын қанағаттандыру, сіз осы арқылы өз сүйіспеншілігіңізді тағы да білдіре аласыз.
Махаббат тілі –«Жанасу»
Зерттеулердің өзі көрсеткендей, сәбидің кереуетте жатқанынан гөрі, қолға жиі алып көтергенде оның тез өсіп, дамитынын дәлелдеген. Жанасу арқылы адам өзінің сүйіспеншілігін білдіре алады, ал біреулер үшін бұл серігінің сезімін ерекше біле алатын ең күшті әдістің бірі немесе ерлер нені қалайтынын ажыратуға болады. Мүмкін, жай қолын ұстау, арқасынан құшақтау, сүю немесе қолына массаж жасау, бәрібір әйтеуір жанасу… Бұл іс-әрекеттер барысында жарыңызға қай қылық ұнамағанын бақылаңыз, мұндай кезде сол әрекеттердің бірі ұнамаса, келесі жолы қайталамауды қатаң ойда ұстаңыз. Ер-азаматқа жеке қатынастың қаншалықты маңызды екенін түсіндірудің қажеті жоқ, бірақ төсек қатынасында сізге ұнағанның оған да жағымды әсер етеді деген оймен шатаспағаныңыз жөн. Оған керісінше ұнамауы мүмкін. Сондықтан да жақын адамыңыздың махаббат тілін үйреніп, қайырымды, сезгіш, байқампаз, ілтипатты болыңыз.
Осы махаббат тілінің бірін таңдап, осы сүйіспеншілікпен сөйлейтін болсаңыз немесе жолдасыңыз, ұл-қызыңыз осылай сізбен сөйлесетін болса, онда сіз тез арада өзгерген тәртіппен сезімді аңғарасыз. Адам жанындағы жақындарының сүйіспеншілігін сезінген кезде бойындағы сенімділік оянып, ең үлкен істер жасауға жол табуы мүмкін.