Пн. Июн 15th, 2026
Түркия Республикасы – Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып таныған мемлекет. Сонымен қатар Қазақстан шетелдегі алғашқы елшілігін Түркияда ашқан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға алты рет сапар жасаса, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға Президент ретінде бес рет келді. Бұл – екі ел арасындағы бауырластық пен өзара сенімге негізделген ынтымақтастықтың айқын көрінісі.
Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыс қарқынды дамып келеді. Түркияның Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі шамамен 6 млрд АҚШ долларын, ал Қазақстанның Түркияға бағытталған инвестициясы 2,2 млрд АҚШ долларын құрады.
Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы құны 9,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 171 бірлескен жоба жүзеге асырылуда.
2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 5,4 млрд АҚШ долларына жетіп, 8,8 пайызға артты.
Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік алдағы уақытта да нығая түседі.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *