2022 жылдың 27-29 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында «UzTextile Expo Весна’22» тоқыма және сән индустриясының 4-ші халықаралық көрмесін өткізуге дайындық жүргізуде.
Көрме — өзбекстандық тоқыма және тігін-трикотаж индустриясы жетістіктерінің маңызды салалық байқауы. Онда озық әзірлемелер мен технологияларды, киім және тоқыма өнімдерін өндірудегі өзекті трендтерді көрсетеді.
Көрмеге Түркия мен Беларусь Республикасы өндірушілерінің, сондай-ақ белгілі компаниялардың Ресейден, Үндістаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан және басқа да елдерден тауар өндірушілер ұжымдық стендтерінің қатысуы жоспарланған.
«UzTextile Expo» көрмесі көптеген жылдар бойы көптеген жергілікті өндірушілермен кездесу және индустрияның соңғы жаңалықтарымен танысу үшін басты орын болып қала береді. Іс-шараға жетекші салалық қауымдастықтар мен министрліктер, атап айтқанда «Узтекстильпром» қауымдастығы қолдау көрсетеді.
Толығырақ мәліметті ұйымдастырушылардын www.textileexpo.uz сайтынан біле аласыз.
Көрмеге қатысу үшін сайтта онлайн тіркеуден өтіңіз
Ұйымдастырушы: Iteca Exhibitions
Бару мәселелері бойынша:
Яна Иванова
Tel: + (998 71) 205 14 14
E-mail.: yana_ivanova@kongress-servis.uz
Өтетін күні мен орны: 27-29 сәуір 2022ж., Ташкент, Өзбекстан.
Көрменің жұмыс уақыты: 27 сәуір 10:00 – 17:00 | 28 сәуір 10:00 – 17:00 | 29 сәуір 10:00 – 16: 00