Вт. Дек 3rd, 2024

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен есепті кездесуі өтті. Бүгінгі жиын ағымдағы жылдың 1- ші тоқсаны үшін соңғысы. Келесі үш айлықта кездесулер жалғасатын болады. Онда өтініштер мен тапсырмалардың, жалпы биылға жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы және сапасы бойынша жиындар жоспарланған.

Бүгінгі кездесуге Қаратау ауданына қарасты Достық, Асар, Асар-2, Шымкент сити, Ақжайық, Бозарық шағын аудандары мен Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Қайнарбұлақ пен Бозарық саяжайларынан келген 300-ден астам тұрғыннан бөлек, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Онда әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылатын жобалармен бөлісті. Сонымен бірге тұрғындардың сауалына жауап берді.
Қаратау ауданында 265 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Шалғай орналасқан елдімекендердің өзекті мәселесі – инфрақұрылым болса, бұл мәселе 2023 жылдың соңында толық шешімін табады.
Бүгінде аудан аумағында «Тассай» индустриялды аймағы орналасқан болса, қосымша «Бозарық», «Мәртөбе» елді мекендерінде индустриялды аймақ ашылады. Бұл жаңа жұмыс орнының құрылуына және өндірілетін өнім көлемінің артуына сеп болады. Өткен жылы аудан аумағындағы өнеркәсіп орындарымен 125,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген.
Қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырған есепті жиын қала әкімдігінің ресми әлеуметтік желідегі instagram парақшасында тікелей эфир арқылы да көрсетілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *