Шымкент қаласында өткен «Бірлік дастарханы» фестивалі аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері қазақ халқының ұлттық тағамдарын көпшілікке кеңінен таныстырды. Іс-шара барысында бидай түю, ұршық иіру секілді дәстүрлі үрдістер көрсетіліп, құрт пен жент дайындалды.
Орталық қызметкері Төлепова Талиға ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын түсіндіріп, олардың тарихи-мәдени маңызына тоқталды.
Фестивальге келген қала тұрғындары ұсынылған тағамдардан дәм татып, ұлттық асқа деген қызығушылықтарын білдірді.
