Вт. Май 5th, 2026
Шымкент және Кутаиси қалалары арасында ресми түрде бауырластық қарым-қатынас орнатылды. Тиісті меморандум Шымкент делегациясының Грузияға жұмыс сапары аясында, Кутаиси қаласының күніне орай қол қойылды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов бастап барған делегацияның құрамында қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов және мәслихат депутаттары болды.
Құжатқа қол қою өңіраралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам саналады және Қазақстан мен Грузия арасындағы екіжақты қатынастардың тұрақты оң серпінін көрсетеді.
Келіссөздер барысында тараптар өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындады. Олардың қатарында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялар тарту, туризмді дамыту, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бар.
Бауырластық қарым-қатынастың орнатылуы ынтымақтастықты жүйелі деңгейге көтеріп, іскерлік және гуманитарлық байланыстарды жандандыруға, сондай-ақ, тәжірибе алмасу мен бірлескен бастамаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді деп күтілуде.
Айта кету керек, жаңа серіктестік мәртебесі Шымкент пен Кутаиси қалалары үшін тұрақты даму мүмкіндіктерін ашып, сенім, өзара құрмет және стратегиялық әріптестік негізінде байланыстарды нығайтады.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *