Шымкент қаласында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған жоспарлар таныстырылды.
2025 жылы қала бойынша жалпы ұзындығы 1 059,2 шақырым жол салынды. Көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын 6 ірі жоба іске асырылған.
Президенттің өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, А-2 айналма жолын қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, 2025 жылы жобаның 6 және 8 кезеңдері пайдалануға беріліп, жалпы орындалу көрсеткіші 90 пайызға жеткен.
Жалпы, қалада жол құрылысы мен жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, көлік қатынасының сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шаралар жалғасуда.
