Шымкент қаласында туризм саласын дамыту және туристік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте қаланың туристік тартымдылығын арттыруға арналған жаңа жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Туристік статистикаға сәйкес, 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласына келген туристер саны 550 063 адамды құрады. Оның ішінде 511 605-і ішкі туристер болса, 38 458-і шетелдік туристер үлесіне тиесілі.
Аталған көрсеткіштер қалада туризм саласының тұрақты дамып келе жатқанын және ішкі туризммен қатар, халықаралық туристер ағынының да артып отырғанын көрсетеді.
