Чт. Май 28th, 2026
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында 30 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Ақжайық шағынауданында орналасқан баспаналар «Отбасы банк» АҚ арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында жеңілдетілген ипотекалық несие негізінде берілді.
Қала әкімі қоныс иелерін жаңа баспанамен құттықтап, әр шаңыраққа береке, жайлылық пен бақыт тіледі.
Сонымен қатар Мирас-Шапағат шағынауданында салынып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы тексерілді. Жоба тұрғындарды сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған. Жауапты басқармаға барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.
Бұдан бөлек Алтынсарин көшесін қайта жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды. Жоба толық аяқталғаннан кейін жаңартылған төрт жолақты магистраль аудандар арасындағы көлік қозғалысын ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп, Бәйдібек би даңғылындағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ А-2 айналма жолын қайта жаңғыртудың V кезеңіндегі құрылыс жұмыстары бақылауға алынды. Қазіргі таңда жолды кеңейту және жол жабынын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мердігер мекемелерге құрылыс қарқынын күшейті

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *