Пт. Май 29th, 2026
Шымкентте мемлекеттік жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламалары аясында тағы 30 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды. Салтанатты табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Баспана үй кезегінде тұрған азаматтарға жалға беру шартымен ұсынылып отыр. Жаңа үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан және барлық құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сай пайдалануға берілген.
Пәтерлерді табыстау заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып, «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларына қатысқан, төлем қабілеттілігін растаған азаматтар арасында бөлінді.
Айта кету керек, баспана алғандардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.
Жобаны жүзеге асырудың басты мақсаты – баспана қолжетімділігін арттыру, кезекте тұрған азаматтарды қолдау және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жайлы қалалық ортаны дамыту.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *