Чт. Июн 11th, 2026
Шымкент қаласында жолаушылар көлігі саласындағы қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді. Қызмет сапасын жақсарту мақсатында №11 және 20 бағыттағы автобустар толығымен жаңартылды.
Нәтижесінде бұл екі бағытқа жалпы саны 15 жаңа автобус жолға шығып, халыққа қызмет көрсете бастады.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін бұл бағыттарда 2019 жылы шығарылған «Ankai» маркалы автобустар қатынап келген болатын. 2026 жылы өткізілген ашық конкурстың қорытындысы бойынша жаңа тасымалдаушы анықталып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін заманауи жаңа көліктерді ұсынып отыр.
Мегаполистегі қоғамдық көлік саласын дамыту және қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыс тұрақты жалғаса береді.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *