Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының кубогі өтеді.
Аталған жарыстың ашылу салтанаты 2026 жылғы 15 сәуір күні сағат 12:00-де Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде (Абай даңғылы, 5/7) ұйымдастырылады. Алғашқы белдесулер сағат 11:00-де басталады.
Жарыс барысында палуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Ауқымды спорттық іс-шара мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдауға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
