Пт. Май 15th, 2026
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында «China Center» халықаралық ынтымақтастық орталығының ашылу рәсімі өтті.
Орталық Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру, ғылым, сараптамалық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Жоба аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, халықаралық форумдар мен білім беру бағдарламалары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, орталық қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлерге құқықтық-консультациялық қолдау көрсетіп, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 100-ден астам қытайлық компания жұмыс істейді. Жаңа бастама Шымкент пен Сиань қалалары арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге жаңа мүмкіндік береді.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *