15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл – қоғамның негізі саналатын отбасы институтының маңызын айшықтайтын ерекше күн.
Отбасы – адам өміріндегі ең алғашқы тәрбие мектебі, мейірім мен қамқорлықтың, сыйластық пен жауапкершіліктің бастауы. Ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау, елдің ертеңін қалыптастыру ең алдымен шаңырақтан бастау алады.
Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға, жастардың әл-ауқатын арттыруға және тұрмыстық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Себебі берекелі отбасы – тұрақты қоғам мен қуатты мемлекеттің кепілі.
